Стратегия

«АЙМАҚ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨҢІРЛІК ДАМУҒА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ҚОРЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

Мазмұны:

I. Кіріспе

II. 2010-2012 жылдарға арналған басты мақсаты

III. Қызмет бағыты

IV. Ұйымның ішкі дамуы

V. 2010-2012 жылдарға арналған қызметтің мақсаты мен мәні

I. Кірісіпе

Жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттің экономикалық жағынан өсуі мен азаматтық қоғам қалыптасуының маңызды шарттарының бірі. Біздің мемлекетіміздегі жергілікті өзін-өзі басқару перспективалары тиімді жүргізілген конституциялық реформаларды мысалы, мәслихаттардың өкілеттілігі кеңейгендігін ескере отырып, талқыланды.

Жергілікті өзін-өзі басқару реформасының басталуына себепші болған мақсаттар – биліктің халыққа жақын болуы, жергілікті биліктің барлық міндеттемелерінің қажетті қаражат және ресурспен қамтамасыз етілуі.

Қазіргі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қарым-қатынасты жүйелейтін жеке дара заң қабылданбаған. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін ешқандай тегеурін де жоқ, тек жеке бастама ғана маңызды. Жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі қызу талқылау толастар емес. Талқылаудың сипаты, қатысушы кейіпкерлері, екпіні өзгергенімен, басты тақырып – жергілікті өзін-өзі басқару – сақталған. Әрине, бұл кездейсоқ емес. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттілігі, сипаты, ұйымдастырылуы мен міндеттемелері жөніндегі мәселе – бұл қазіргі демократияны ұйымдастыру формалары, шекаралары мен мүмкіндіктері, сонымен қатар, жергілікті деңгейдегі даму мен тиімді басқаруды ұйымдастыру формалары мен механизмдері жөніндегі мәселе болып қалмақ.

II. 2010-2012 жылдарға арналған басты мақсаттар

«Аймақ» Қоры» Қауымдастығы жергілікті өзін-өзі басқару саласында жүргізіліп жатқан реформаларға жан-жақты қолдау көрсету және өңірдің дамуына ықпал ету мақсатында құрылған. Қауымдастықтың алдағы екі жыл ішіндегі негізгі мақсаты ретінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму процестеріне белсене араласуды, өңірлердің даму стратегиясын жасау мен бағалау процестеріне қатысуды, білім беру мен ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі заңнамалық қордың жақсартылуына атсалысуды таниды.

Қауымдастық қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларын жүзеге асыруға, мемлекеттік өңірлік саясаттың тиімділігін арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқарудың одан әрі қарай дамуына жәрдемдесу.


Қауымдастық қызметінің мәні:

  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қарастырылған мемлекеттік өңірлік саясатты реформалауды жүргізуге, жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу;

  2. мемлекеттік өңірлік саясаттың іс-шараларын әзірлеуде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын теңестіру, өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан азаматтарды бірыңғай әлеуметтік стандарттармен және тең әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, теоретикалық ұсынымдарды дайындау;

  3. өңірлердің табиғи- климаттық ерекшеліктерін, оларды кешенді экологиялық қорғау қажеттілігін, ерекше (экологиялық қасірет, экологиялық апат, қорық, шипажай-курорттық) аймақтарға жататын өңірлерді басымды түрде қорғауды барынша ескеріп, өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу;

Жоғарыда көрсетілген мақсаттардың орындалуы жергілікті деңгейде жариялы билікті жүргізетін және жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуы мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі олардың мүдделері мен қажеттіліктеріне ең жоғары деңгейде сәйкестігінің арқасында аталған елді-мекендердің өзекті проблемаларын шешудің тиімді үлгісі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырады.


Қауымдастық міндеттемелері:

  1. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару негіздерінің дамуына ықпал ету;

  2. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты басқа да қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге қатысу;

  3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру көмек көрсету;

  4. Аумақтық бірліктердің экономикалық, әлеуметтік және басқа да дамуына бағытталған бағдарламаларға бастама жасау, қатысу, жүзеге асыру;

  5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың толыққанды әрі жұмыс жасауына, реформа жүргізілуіне ықпал ету;

III. Қызмет бағыты

  1. Қоғамның ақпараттандырылуын арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару процестеріне қоғамды ауқымды түрде тарту

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және жергілікті өзі-өзі басқару органдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында көрмелер, сондай-ақ, сәйкесінше халықаралық іс-шараларға қатысу;

  • Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың келелі мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық әдебиеттер шығару;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбында сайт, портал жасау;

  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың ақпараттық жүйесін құру;

  • Бұқаралық ақпарат құралын құру және баспа қызметін жүргізу.

  1. Даму стратегиясын жасау және бағалау, бюджеттік процестердің жарияланымдылығы мен тиімділігін арттыру процесстеріне құзыретті қатысу арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

  • Экономикалық зерттеулер, сарапшылардың талқылауы, түрлі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды бағалау сияқты жұмыстарды жүргізу арқылы экономикалық және бюджеттік саясаттағы шешім қабылдау процестеріне ықпал ету;

  • Бюджеттік саясат аумағында ашықтықты, жариялылықты, барлық мүдделілерді назардан тыс қалдырмай шешім қабылдау мәдениетін дамыту;

  • Бюджет және экономикалық даму мәселелері бойынша мүдделілерге арналған ұсынылымдар жасау;

  • Әлемдік және Қазақстандық тәжірибелерге сүйене отырып, бюджеттік сараптама жасау;

  • Әлеуметтік-экономикалық, бюджеттік зерттеулер туралы ақпарат тарату.

  1. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың үздік және халықаралық тәжірибелерін жылжыту

  • Ұлттық және халықаралық ұйымдармен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша келісімшарттарға отыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша халықаралық байланыстардың дамуына ықпал ету;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы шетелдердің үздік тәжірибелерін зерттеу;

 

  1. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында мемлекеттік басқаруды реформалау бойынша бастамаларға қолдау көрсету

  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті және атқарушы орган өкілдеріне әдістемелік, ақпараттық, құқықтық және кеңестік көмек көрсету;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық паналылығының нығаюына ықпал ету, оларға қажетті кәсіби біліктілігінің қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау;

  • Жергілікті өзін-өзі басқарудағы келелі мәселелер бойынша мүдделі адамдарға сарапшылық қызмет көрсету жүйесін құру және дамыту;

  • Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша ғылыми сараптамалық зерттеулер және әлеуметтік сауалдар жүргізу;

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен жетілдірудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін жасауға ықпал ету;

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу бойынша ресурстық орталық құру;

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының Форумын өткізу.

  1. Азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және бизнес өкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасауға ықпал ету

  • Үкіметтік емес ұйымдардың Парламент және мәслихат депутаттарымен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету;

  • Үкіметтік емес ұйымдардың орталық және жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету;

  • Үкіметтік емес ұйымдардың орталық және облыстық деңгейдегі қоғамдық сарапшылар палатасымен қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету;

  • БАҚ, ҮЕҰ және бизнес өкілдерімен тиімді әріптестік қарым-қатынас жасау жолдарын зерттеу;

IV. Ұйымның ішкі дамуы

САЛАЛАРЫ ДАМУ МАҚСАТЫ
1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ДАМУ

Білікті қызметкерлер

Қызметкерлер қанағаттануының жоғары деңгейі

2. ӘРІПТЕСТЕР МЕН КЛИЕНТТЕР

Клиенттер қанағаттануының жоғары деңгейі

Жақсы бедел мен танымалдылық

3. ҚАРЖЫ

Қарекет түрлерін енгізудегі шығындардың жоғары тиімділігі

Бюджет жоспарлаудың жоғары сапасы

4. ІШКІ ПРОЦЕСТЕР

Процес тердің заңнамаға сәйкес келуі

Ақпараттық жүйелердің болуы