Елбасының «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіруге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Аймақ» қоры» ЗТБ «ҚР Президенті Жолдауын жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында қорытынды конференция өткізді.
Конференция мақсаты – жобаны қорытындылау, журналистер арасында өткізілген байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау.
«Аймақ» Қоры» ЗТБ ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау мақсатында «Өңір дамуы – мемлекет дамуы» тақырыбында журналистер арасында өткізілген байқау қорытындысы белгілі болды.
2010 жылғы 8 желтоқсан күні Астана қаласы «Кинг Отель» қонақ үйінде К.Аденауэр атындағы қор қолдауымен жүзеге асырылған «Аймақ» қоры бастамаларының тұсаукесер-фуршеті өткізілді.
Тұсаукесер ашылуын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Соловьева Айгүл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбенов Мұрат және «Аймақ» қорының Қоғамдық Үйлестіру Кеңесінің төрайымы, К.Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы жетекшісі Мусина Әлия жасады.
Орал қаласында 2010 жылғы 6-7 желтоқсанында «Батыс Қазақстан – Орал-Жайық» ІІ аймақаралық ғылыми-мәдени форум өткізілді.
Форум ұйымдастырушылары – Оралдың еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы (АТиСО, ректоры Хайдар Қапанов), Қазақстан халықтары Ассамблеясы секретариатының қолдауымен Қазақстан ғалымдары одағы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қоры» ҚҚ және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.
6 желтоқсанда «Батыс Қазақстан – Орал-Жайық» ІІ аймақаралық ғылыми-мәдени форум аясында «Қазақстан-ресей шекаралық мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық процестерінің даму негізіндегі қоғамдық келісім мен төзімділіктің қазақстандық моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2010 жылғы 25 қарашада жергілікті сағат 10.00-де Алматы қаласы, Төле би көшесі 179а/22 мекен жайында орналасқан «Астана» қонақ үйінің мәжіліс залында «Жергілікті өзін-өзі басқару – азаматтық белсенділік негізі» тақырыбында форум өткізілді.
Астанадағы ҚазТБ университетінде өткізілген пікір сайыс ойыны Елбасы Жолдауы мен жергілікті өзін-өзі басқару тақырыптарына арналған болатын.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың өз ойларын еркін жеткізуге машықтануына, көзқарасын дәлелдей білуді үйренуіне ықпал ету.
«Хан шатыр» ойын сауық орталығында «Аймақ» қоры пәтер иелері кооперативтеріні қызметі жөнінде ақпараттық түсіндірмелік акция өткізді.
Акция ағымдағы жылдың 14 қарашасы күні кешкі сағат 17.00-де басталып, бас аяғы екі жарым сағатқа созылды.
Акция барысында сарапшылар ретінде ПИК жұмыс жөніндегі БҰҰ ДБ сарапшысы Малик Кокараев пен «Қалалық ПИК қауымдастығы» төрағасы Мезамбек Кенжебаев қатысты.
2010 жылғы 5 қараша күні «Аймақ» қоры жергілікті өзін-өзі басқару туралы жасалған мультфильм тұсаукесерін жасады. Тұсаукесер «Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы аясында аймақтардың тұрақты дамуының негізі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Қазақ гуманитарлық заң университеті ғимаратында өткізілді.

.randimage.jpg)
