«Аймақ» Қазақстан Республикасындағы өңірлік дамуға
және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қоры»
заңды тұлғалар бірлестігі
Қауымдастықтың мақсаты Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларын жүзеге асыруға, мемлекеттік өңірлік саясаттың тиімділігін арттыруға және жергілікті өзін-өзі басқарудыдың одан әрі қарай дамуына жәрдемдесу.
Қауымдастықтың міндеттері:
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қарастырылған мемлекеттік өңірлік саясатты реформалауды жүргізуге, жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесу;
мемлекеттік өңірлік саясаттың іс-шараларын әзірлеуде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын теңестіру, өңірлердің экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан азаматтарды бірыңғай әлеуметтік стандарттармен және тең әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, теоретикалық ұсынымдарды дайындау;
өңірлердің табиғи- климаттық ерекшеліктерін, оларды кешенді экологиялық қорғау қажеттілігін, ерекше (экологиялық қасірет, экологиялық апат, қорық, шипажай-курорттық) аймақтарға жататын өңірлерді басымды түрде қорғауды барынша ескеріп, өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу;
өңірлердің қаржылық және басқа да ресурстық мүмкіндіктерін болжау мен бағалау бойынша ғылыми және сараптама-талдау орталықтарымен ынтымақтастық орнату, өңірлер дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін өңірлердің жеке әлеуетін жандандыру жолдары мен шараларын, төлеу қабілеті бар сұранысты және оның өңірлік бөлінуін анықтау, өңірлік нарықты зерттеу;
өңірлік артықшылықтар мен тиімді өндірістік мамандандыру ерекшеліктер, аймақтық еңбек бөлінісі, экономиканың «локомотивтері» мен «даму көздері» бола алатын ғылыми-техникалық әлеуеті негізінде өңірлердің ұзақ мерзімді экономикалық даму стратегиясын әзірлеуге жәрдемдесу;
индустриалдық-инновациялық даму, арнайы экономикалық аймақтар мен технопарктерді қалыптастыру, шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жәрдемдесу;
әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеуде және жүзеге асыруда жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік, ақпараттық, құқықтық және кеңестік көмек көрсету;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша әлеуметтік сұраулар мен ғылыми сараптамалық зерттеулер жүргізу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге қатысу;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың толыққанды әрі сапалы жұмыс жасауына және оны реформалауға жәрдемдесу;
жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлерінің әлеуметтік, құқықтық қорғалуына жәрдемдесу, оларға қажетті кәсіби біліктіліктерді қалыптастыру мен дамуға жәрдемдесу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәжірибе алмасуы үшін көрмелер ұйымдастыру, сондай-ақ тиісті халықаралық іс-шараларға қатысу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша мүдделі тұлғаларға сараптамалық қызмет көрсету жүйесін құру және оны дамыту;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-сараптамалық әдебиет шығару;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбында ақпараттық жүйе, интернет-ресурс құру;
бұқаралық ақпарат құралдарын құру және баспа қызметін жүргізу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу бойынша ресурстық орталық құру;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару саласында шет елдердің озық тәжірибесін зерттеу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату және жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына халықаралық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;
өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты халықаралық ұйымдардың жобалары мен бағдарламаларына қатысуға жергілікті билік органдарына жәрдемдесу, өңірлердің сыртқы экономикалық қызметіне қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің басқа мемлекеттердің аймақтарымен халықаралық экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастық (оның ішінде шекаралық өзара байланыс, қалалар арасында «бауырластық» мәртебесін құру) орнатуға жәрдемдесу;
Казақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен тыйым салынбаған қызметтің басқа да түрлерімен айналысу.