Елбасының «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіруге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» жобасы аясында «Аймақ» қоры» ЗТБ «ҚР Президенті Жолдауын жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы ҮЕҰ рөлі» тақырыбында қорытынды конференция өткізді.
Конференция мақсаты – жобаны қорытындылау, журналистер арасында өткізілген байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау.
«Аймақ» Қоры» ЗТБ ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау мақсатында «Өңір дамуы – мемлекет дамуы» тақырыбында журналистер арасында өткізілген байқау қорытындысы белгілі болды.
2010 жылғы 8 желтоқсан күні Астана қаласы «Кинг Отель» қонақ үйінде К.Аденауэр атындағы қор қолдауымен жүзеге асырылған «Аймақ» қоры бастамаларының тұсаукесер-фуршеті өткізілді.
Тұсаукесер ашылуын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Соловьева Айгүл, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбенов Мұрат және «Аймақ» қорының Қоғамдық Үйлестіру Кеңесінің төрайымы, К.Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы жетекшісі Мусина Әлия жасады.
Орал қаласында 2010 жылғы 6-7 желтоқсанында «Батыс Қазақстан – Орал-Жайық» ІІ аймақаралық ғылыми-мәдени форум өткізілді.
Форум ұйымдастырушылары – Оралдың еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы (АТиСО, ректоры Хайдар Қапанов), Қазақстан халықтары Ассамблеясы секретариатының қолдауымен Қазақстан ғалымдары одағы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қоры» ҚҚ және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.
6 желтоқсанда «Батыс Қазақстан – Орал-Жайық» ІІ аймақаралық ғылыми-мәдени форум аясында «Қазақстан-ресей шекаралық мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық процестерінің даму негізіндегі қоғамдық келісім мен төзімділіктің қазақстандық моделі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


